![]()
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорлары
01.04.2026
| Қор № | Қордың атауы | Қордың көлемі (сақтау бірлігі) | Құжаттардың сипаттамасы |
|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстан Республикасының Конституциясы | 1 | Он екінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 28 қаңтардағы тоғызыншы сессиясында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні. |
| 2 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі | 2487 | 1991-1995 жылдардағы құжаттары: Жоғарғы Кеңесі Төрағасының ресми сапарлары туралы есептер; ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмыстары; ҚР Жоғарғы Кеңесінде шетел делегацияларын қабылдау; депутаттық сауалдар және т.б. |
| 3 | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы | 1275 | 1988-2015 жылдардағы құжаттар: ОСК отырыстарының хаттамалары мен қаулылары; сайлау нәтижелері туралы ақпараттар; депутаттар мен саяси партиялардың тізімдері. |
| 4 | ҚР Премьер министрінің Кеңсесі | 22084 | 1994-2014 жылдардағы құжаттар: Үкімет қаулылары, өкімдері, отырыс хаттамалары; Президент актілерінің жобаларына сараптамалар. |
