Қазақстан Республикасының атаулы және мерекелі күндерінің 2026 жылға арналған КҮНТІЗБЕСІ

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2026 жылға арналған атаулы және мерекелі күндердің күнтізбесін (бұдан әрі – Күнтізбе) дайындады.
Күндер, фактілер мен оқиғаларды архившілер Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде сақталған Ұлттық архив қорының құжаттары негізінде анықтап, іріктеп алды.
Күнтізбеге республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени өмірін көрсететін ең маңызды 128 атаулы оқиға мен факті енгізілді.
Күнтізбенің негізгі мақсаты – Ұлттық архив қорының құжаттарын дәріптеу, архив материалдарын ғылыми-зерттеу, ағарту және оқу-тәрбие жұмыстарында белсенді пайдалану, архив мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне, зерттеушілерге ретроспективті ақпаратты тиімді пайдалануды ұйымдастыруда көмек көрсету.
Күнтізбені мәдени-ағарту мекемелері, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер түрлі іс-шараларды өткізуде, тақырыптық және құжаттық көрмелерді ұйымдастыруда, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауда пайдалана алады.
Күнтізбе үшін мәліметтерді жинау кезінде мынадай критерийлер ескерілді:

  • оқиғаның жалпы Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңыздылығы;
  • оқиғаның Қазақстанның өнеркәсібі, экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін маңыздылығы.

Күндер тақырыпқа қарамастан, айлар бойынша тікелей хронологиялық жүйелілікпен орналасқан.
Күнтізбені пайдалану барысында адамдардың есімдері мен тектері, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары, құрметті атақтар, географиялық атаулар, сондай-ақ ондағы оқиғалардың күндері негізінен дереккөзде қалай берілсе, сол қалпында келтірілгенін ескеру қажет.
Күнтізбе Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорларының құжаттары бойынша дайындалғандықтан, «Орналасқан жері» бағанында қордың (Қ.), тізімдеменің (Т.), істің (І.), парақтың (П.) нөмірі көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының атаулы және мерекелі күндерінің 2026 жылға арналған күнтізбесі
(Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорларында сақталған архивтік құжаттар бойынша)

Оқиға күніОқиғаның атауыОрналасқан жері
ҚАҢТАР
1.8 қаңтарҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаңырақ-10» бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесін өткізу туралы» №15 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.809. Пп.117-118.
2.13 қаңтарҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Жапония Үкіметінің «Семей өңіріндегі медициналық қызмет көрсетуді жақсарту» жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ноталар алмасу түріндегі Келісімге қол қою туралы» №36 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.427. П.39.
3.14 қаңтарҚазақ КСР Министрлер Кабинетінің «Алматы қаласында 30-жылдардағы ашаршылық пен 20-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш мемориалын орнату туралы» №39 қаулысының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.42. Т.1. І.1. П.1.
4.17 қаңтарҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапаттау туралы» №4 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т.1. І.1286. Пп.19-20.
5.19 қаңтар«Кустанайские новости» өңірлік газетін шығарудың басталғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ. 58. Т. 1. І. 54. П. 12
6.23 қаңтарҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын ұсыну, тапсыру, есепке алу және сақтау тәртібі туралы нұсқаулықтарды және «Алтын Қыран» орден кітапшасының үлгісін бекіту туралы» Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ. 58. Т. 1. І. 48. Пп. 1-20
7.24 қаңтарҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» № 2797 Конституциялық Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ. 58. Т. 1. І. 83. П. 219
8.26 қаңтарҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заң күші бар №2823 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.41. Т.1. І.190. Пп.28
9.26 қаңтарҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы архив ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» №146 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.427. Пп.136-139
10.28 қаңтарҚазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» №50 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т.1. І.1286. П.23.
11.31 қаңтарҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін сақтау мұқтаждары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілерін дайындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №164 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.128. Т.1қос. І.19. Пп.111-114.
АҚПАН
12.2 ақпанҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» №56 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т.1. І.1286. Пп.27-28.
13.9 ақпанЖоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына қайта орналастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның №39-8/81 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.43. Т.1. І.18. Пп.1-17.
14.9 ақпанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» № 215 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.23. Т.2. І.94. Пп.1-2.
15.10 ақпанЖазушы Бек Тоғысбаевтың туғанына 90 жыл (1936 ж.) Қ.4, Т.1, І.1813, П.93
16.12 ақпанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» №189 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.41. Т.1. І.190. П.24.
17.13 ақпанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ЖИТС-тың (СПИД) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» №193 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.55. Т.1. І.29. Пп.1-20.
18.14 ақпанҚазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1.І.555. Пп.13-15.
19.16 ақпанҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының «Қазақстан Республикасының аграрлық секторындағы Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасын іске асыру барысы туралы» №05 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.17. Т.1пр. І.1189. Пп.20-24.
20.17 ақпанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан жастары» бағдарламасы туралы» №249 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.427. Пп.242-248. Қ.128. Т.1. І.144. Пп.5-19.
21.19 ақпанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Жаңа астана» республикалық бюджеттен тыс қорының шотын Қазақстан Республикасының Халық банкіне ауыстыру туралы» №212 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.44. Т.1. І.21. П.35.
22.22 ақпанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Алматы облысында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру туралы» №228 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.4. Т.1П. І.423. Пп.3-21; І.506. Пп.236-309.
23.27 ақпанҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Еуразия-96» Халықаралық көрмесін және «Еуразиялық мемлекеттердің экономикасын біріктіру – проблемалар мен перспективалар» конференциясын өткізу туралы» №38 Бұйрығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.17. Т.1пр. І.1186. Пп.167-168.
НАУРЫЗ
24.11 наурызҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №2895 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.91. Т.1. І.593. П.167.
25.13 наурызҒ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының құрылғанына 80 жыл (1946 ж.) Қ.4, Т.1, І.1801, П.256
26.14 наурызҚазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысының өткізілгеніне 20 жыл (2006) Қ.2ЛП. Т.1. І.66. Пп.1-22.
27.16 наурызҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 573 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.426. Пп.31-36.
28.17 наурызҚазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуының стратегиялық жоспары туралы» № 67 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т. 1. І.1286. П.31.
29.19 наурызАқмола қаласының бас жоспарын әзірлеу бойынша авторлық ұжымның дербес құрамының бекітілгеніне 30 жыл (1996 ж.) Қ.4, Т.1п., І.431, Пп.79-82
30.25 наурызҚазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл (1946 ж.) Қ.1, Т.1, І.8, Пп.17-18
СӘУІР
31.5 сәуірҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияны құру туралы» № 62 Бұйрығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.17. Т.1пр. І.1187. П.6.
32.6 сәуірАлматы қаласында «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі президенттік институт» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1пр. І.593. П.111.
33.15 сәуірҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ. 58, Т. 1, І. 82, Пп.75-77
34.18 сәуірҚазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасының арнайы өкілі туралы Ережені бекіту туралы» № 2955 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.3. Т.1. І.18. Пп.92-93.
35.19 сәуірҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясына жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің жер учаскелерін пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.35, Т.1, І.92, Пп. 73, 76
36.19 сәуірҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» № 478 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.14. Т.1. І.86. Пп.64-70
37.23 сәуірҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ. 58, Т. 1, І.82, Пп.199-200
38.26 сәуірҚазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 80 жыл (1946 ж.) Қ.58, Т.1, І.82, Пп.189-190
39.30 сәуірҚазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО теледидары мен радиосының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Сұлтан Оразалиновтың туғанына 85 жыл (1941 ж.) Қ.1, Т.1, І.8, П.27
МАМЫР
40.2 мамырXVI ғасырдағы қазақ батыры Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 450 жыл (1576 ж.) Қ.4, Т.1, І.1801, П.235
41.3 мамырЖоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына қайта орналастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының «Ақмола қаласында Қорғаныс министрлігінің Жедел тобын орналастыру туралы» № 39-8/13 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.43. Т.1. І.18. П.26.
42.5 мамырАқын, жазушы Өмір Кәріпұлының туғанына 85 жыл (1941 ж.) Қ.7, Т.1, І.17, Пп.22-23
43.6 мамырЖазушы, композитор және журналист Илья Жақановтың туғанына 90 жыл (1936) 7-л/ф, Т.1, І.17, Пп.51-52
44.7 мамырҚазақстан Республикасы Үкіметінің «ЮНЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 574 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.4. Т.1П., І.442. Пп.1-9.
45.12 мамырҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Ғарышкер Т. Мұсабаевтың екінші ұшуы кезінде Қазақстан Республикасының ғылыми эксперименттері мен зерттеулерінің бағдарламасын дайындау жөніндегі Мемлекеттік комиссияны құру туралы» №217-ө өкімінің қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.4. Т.1. І.182. П.104.
46.15 мамыр«Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.58, Т.1, І.48, П.22
47.15 мамырҚазақстан Республикасы Президентінің «Төтенше жағдайларда электр энергиясының резервтік көздерін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» №2724 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.21. Т.1. І.93. Пп.14-20.
48.17 мамырТәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында 2000 жылға дейінгі кезеңде ұйымдасқан қылмысқа және қауіпті қылмыстардың өзге де түрлеріне қарсы күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының өткізілгеніне 30 жыл (1996) Қ.9. Т.1. І.153. Пп.59-81.
49.19 мамырҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік авиация орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 428 қаулысының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.132. Т.1. І.565. П.31.
50.23 мамырҚазақстан Республикасы Президентінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» №2996 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.91. Т.1. І.830. П.24.
51.23 мамырМемлекет қайраткері және дипломат Нәзір Төреқұловтың туғанына 120 жыл (1906 ж.) Қ.4, Т.1, І.1813, П.217
52.29 мамырҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан-Түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының екінші отырысын өткізу туралы» № 727 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.429. Пп.94-95.
53.29-30 мамырАстана қаласында «21 ғасырдағы кәсіптік және техникалық білім беру» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.829. П.97.
МАУСЫМ
54.3 маусымРеспубликалық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.55, Т.1, І.29, П.99
55.6 маусымҚ.А. Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің құрылғанына 35 жыл (1991 ж.) Қ. 91, Т.1, І.578, П.154
56.6 маусымҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақмола қаласындағы дипломатиялық миссияларға жер учаскелерін бөлу мәселелері туралы» №713 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.4. Т.1П. І.447. Пп.27-28.
57.11 маусымҚазақстан Республикасындағы архив ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының бекітілгеніне 25 жыл (2001 ж.) Қ.48, Т.1, І.48, Пп.1-18
58.26 маусымҚазақстан Республикасы Премьер-министрінің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 4-ші жастар Дельфий ойындарын өткізу туралы» № 177-ө өкімінің қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т.1. І.1295. П.77.
59.28 маусымҚазақстан тарихындағы тұңғыш «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.54. Т.1. І.50. П.133.
ШІЛДЕ
60.1 шілдеII Халықаралық музыка фестивалінің өткізілгеніне 20 жыл (2006) Қ.2ЛП. Т.1. І.40. Пп.12-28.
61.4 шілдеКСРО халық әртісі, әнші Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл (1926) Қ.1ЛП. Т.1. І.8. П.1., Қ.4. Т.1. І.638. П.37-39
62.5 шілде«Тәуелсіздіктің он жылдығы және егемен Қазақстанды құрудағы еліміздің Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) Қ.9ЛП. Т.1. І.13. Пп.17-26.
63.12 шілдеҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы Сауда Келісімінің ратификацияланғанына 30 жыл (1996) Қ.152. Т.1. І.84. Пп.1-36.
64.17 шілдеҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдары туралы» №245-II Заңының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.87. Т.1. І.115. П.91.
65.18 шілдеҚазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» №34-1 Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.14. Т.1. І.86. Қ.145., Т.1. І.1., Пп.23-26.
66.20 шілде«Ақиқат» журналының шыға бастағанына 105 жыл (1921 ж.) Қ.58, Т.1, І.53, П.106
67.25 шілдеҚазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі туралы Ережені бекіту туралы» № 155 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т.1. І.1286., Пп.141-143.
ТАМЫЗ
68.3 тамызҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан-Британ техникалық университетін құру туралы» №1027 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.815. Пп.84-85.
69.7 тамыз«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының тағайындалғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.58, Т.1, І.82, Пп.144-147
70.15 тамызҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Астана қаласының бас жоспары туралы» №1064 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.430. П.123.
71.22 тамызFM диапазонында қазақ тіліндегі радиобағдарламаларды таратудың басталғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ. 58, Т. 1, І. 53, Пп. 120-121
72.25 тамызАқын Марфуға Айтқожинаның туғанына 90 жыл (1936)
73.27 тамызҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» №675 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1 пр. І.426. Пп.60-61.
74.28 тамызҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейінгі Стратегиясы туралы» Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133. Т.1. І.1286. Пп.144-177.
75.29 тамызҚазақстан Республикасы Президентінің «Арал өңірін қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы» №675 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.430. Пп.169-170.
76.29-30 тамызАлматы қаласында «21 ғасыр – ядролық қарудан азат әлемге қарай» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.871. П.149.
ҚЫРКҮЙЕК
77.4 қыркүйекҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Құрманғазы Сағырбайұлы кесенесінің ашылуына арналған Астрахань облысындағы қазақ мәдениеті күндерін өткізу туралы» № 418-ө өкімінің қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.4. Т.1П. І.636. Пп.22-23.
78.4 қыркүйекАқмола қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі ғимаратының салынғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.4, Т.1п., І.637, Пп.25-26
79.16 қыркүйекҚазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ-25, Т 1, І.26, Пп.102-107
80.18 қыркүйекҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім туралы» № 1140 қаулысының шыққанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.58, Т.1, І.82, Пп. 131-133
81.22-25 қыркүйекРим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға мемлекеттік сапарының өткеніне 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.826. Пп.53-56.
82.26 қыркүйек«Электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер» республикалық семинарының өткізілгеніне 20 жыл (2006) Қ.2ЛП. Т.1. І.65. Пп.1-8.
83.27 қыркүйекМолдова Республикасының төрелігі (арбитражы) мен Қазақ КСР Мемлекеттік төрелігі (арбитражы) арасындағы Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылғанына 35 жыл (1991 ж.) Қ.7, Т.1, І.18, б.3, Пп.21-22
ҚАЗАН
84.3 қазанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан әйелдерінің III Форумын өткізу туралы» № 1277 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.431. Пп.83-86. Қ.91. Т.1. І. 817. Пп.6-7.
85.7 қазанҚазақтың халық музыканты, композитор, күйші-домбырашы, күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл (1836 ж.) Қ.4, Т.1 п., І.467, Пп.115-121
86.8 қазанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Біріккен Ұлттар Ұйымының серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру Қағидалары туралы» № 1295 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.63. Т.1пр. І.431. П.120.
87.9 қазанКомпозитор және қобызшы Ықылас Дүкенұлының туғанына 165 жыл (1861 ж.) Қ.27, Т.1, І.5, Пп.12-17
88.9 қазанҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған байқау және «Алтын сапа» республикалық көрме-байқауы туралы» № 194 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133.Т.1. І.1286.Пп.235-240.
89.12 қазанҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасын бекіту туралы» № 201 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.133.Т.1.І.1287.Пп.25-46.
90.15 қазанҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық авиация академиясының Әскери факультеті» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты» мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы» № 1330 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.817. П.74.
91.20 қазанЖоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына қайта орналастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының дербес құрамының бекітілгеніне 30 жыл (1996 ж.) Қ.43, Т.1, І.29, Пп.20-21
92.24 қазанҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 105 жыл (1921 ж.) Қ.4, Т.1 п., І.471, Пп.26-31
ҚАРАША
93.6 қарашаҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әскери кафедра құру туралы» № 1403 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І. 818. П.184.
94.11 қараша«Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» тұжырымдамасының қабылданғанына 20 жыл (2006) Қ.2.ЛП.Т.1. І.78.Пп.1-14
95.11 қарашаҚР Ғылым министрлігі — Ғылым академиясының Шығыстану институтының құрылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.4, Т.1 п., І.473, Пп.73-76
96.20 қарашаҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасының Үкіметіне берген мемлекеттік кредитті қайта құрылымдау туралы келісімнің қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.73. Т.1. І.555. Пп.64-69.
97.26 қарашаТәуелсіздік күніне арналған монументтің ашылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.27, Т.1, І.288, Пп. 30-37
ЖЕЛТОҚСАН
98.10 желтоқсан«Қазақ Советтік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы» Қазақ КСР № 1000-ХII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1. Пп.18-19.
99.10 желтоқсанҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы» № 1001-ХII қаулысының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1. Пп.22-23.
100.12 желтоқсанҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» №540 Жарлығының шыққанына 35 жыл (1991 ж.) Қ.5, Т.2, І.27, П.20
101.13 желтоқсанҚазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы аумағының бөлінбейтіндігі туралы» Мәлімдемесінің (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 7-сессиясында қабылданған) № 1005-XII қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1. Пп.30-31.
102.14 желтоқсанҚазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттың қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.73. Т.1. І.555. Пп.13-15.
103.16 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылданғанына 25 жыл (1991 ж.) Қ.2, Т.1, І.1, Пп.44-54
104.17 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» № 1009-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1., Пп.57-81.
105.17 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Жер салығы туралы» № 1011-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1., Пп.86-116.
106.19 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Жол қоры туралы» № 1014-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1., Пп.123-134.
107.19 желтоқсанТМД қатысушы мемлекеттердің Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің X мерейтойлық отырысының (Мәскеу қ.) өткізілгеніне 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.873. Пп.69-80.
108.20 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» № 1017-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1., Пп.156-192.
109.20 желтоқсанҚазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украинаның шаруашылық, төрелік соттарының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылғанына 35 жыл (1991 ж.) Қ.7, Т.1, І.18, б.3, Пп.1-4
110.21 желтоқсанАлматы Декларациясының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.53-55.
111.23 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Кепіл туралы» № 1019-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1., Пп.197-232.
112.23 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы» № 1021-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1. Пп.235-257.
113.23 желтоқсанТәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімнің ратификацияланғанына 35 жыл (1991 ж.) Қ.2 Т.1 І.1а Пп.45-55
114.23 желтоқсанБеларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина арасындағы Ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы келісімнің ратификацияланғанына 35 жыл (1991 ж.) Қ.2, Т.1, І.1а., Пп.56-60
115.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Қосылған құн салығы туралы» № 1041-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.87-101.
116.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Акциздер туралы» № 1043-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.104-112.
117.24 желтоқсанҚазақстан Республикасы Экономика министрлігінің базасында Мемлекеттік сатып алу агенттігінің құрылғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.58, Т.1, І.82, П.45
118.24 желтоқсанҚазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігін құру туралы» қаулысының шыққанына 35 жыл (1991 ж.) Қ.2, Т.1, І.1а., Пп.193-194
119.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым туралы» № 1051-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.161-164.
120.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы» № 1047-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.125-132.
121.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Кеден тарифі және бажы туралы» № 1049-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.135-158.
122.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Азаматтардан алынатын мақсатты алым туралы» № 1055-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.173-176.
123.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Тіркелген (ренталық) төлемдер туралы» № 1057-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.179-182.
124.24 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» № 56-1 Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996) Қ.55. Т.1. І.47. Пп.1-18.
125.25 желтоқсанҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» № 1072-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) Қ.2. Т.1. І.1б. Пп.73-104.
126.25 желтоқсанҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Конституциялық комиссияның Төрағасы болып бекітілуіне 35 жыл (1991 ж.) Қ.2, Т.1, І.1б., Пп.109-112
127.30 желтоқсанҚазақстан Республикасы Президентінің «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» №751 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) Қ.91. Т.1. І.994 Пп. 27-46.
128.31 желтоқсанҚазақстан Республикасы Президентінің «Шетелде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» № 3308 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) Қ.58, Т.1, І.48, Пп.45-52